Махаббат пен ғадауат (Любовь и коварство)


Немістің әйгілі ақын-драматургі Фридрих Иогани Шиллердің осыдан бір жарым ғасыр бұрын жазылған Зұлымдық пен махаббатпьесасы әлемнің көптеген театрларында сахналанған. Сонымен қатар, бірнеше қазақ театр сахналарында да қойылған. Біздің театрда қойылып отырған бұл сахналық аударма нұсқасы (ауд.Иран-Ғайып) Ғашықтар мен пасықтар деп аталады.



Әлем драматургиясының жарық жұлдыздарының бірі - Фридрих Иогани ШиллердіңҒашықтар мен пасықтар қасірет намасы неміс халқының XIX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайының рухани картасы іспетті. Герцогтың билік сарайындағы болып жатқан төменгі шенді-шекпенділердің пенделік әрекетерін әшкрелеп, сол кездегі қарапайым халықтың қасіреті мен ауыр тұрмысынан хабар береді.



Сол қоғамдағы қайшылықтарды ашып көрсетіп, Билік пен Халықтың кереғар тірлігінен туындайтын бұл шығарма- бір-біріне өлердей ғашық екі жүректің, Президенттің ұлы - Фердинанд пен музыканттың қызы - Луизаның қасіретті тағдырын таразыға салады. Ал, Герцог сарайындағы лауазымды қызмет иелерінің өшпенді зұлымдықтары арқылы тартыстың арқауына айналған.



Бұл шығарма өз көрермендеріне бүгінгінің оқиғасындай әсер ететініне ешбір күмәніміз жоқ.



Купить билеты в билетном агентстве Меломан


Добавить в избранное