Еңлік-Кебек


Қазақ кәсіби театры тарихы 1926 жылы қойылған Еңлік-Кебек трагедиясынан бастау алатыны белгілі. Қара шаңырақ театрда бұл трагедия содан бері бірнеше рет, әртүрлі көркемдік шешіммен қойылған.



Жаңа қойылымда да оқиғалардың негізгі желісі әдеттегінше екі жас - Еңлік пен Кебектің махаббаты мен бостандығы төңірегінде өрбиді. Дей тұрғанда негізгі идеяны жеткізуші Кеңгірбай мен Есен бейнелері болып шығады. Ол идея -бүгінгі заманмен үндес, елдің бірлігі мен мемлекеттің біртұтастығы идеясы.



Купить билеты в билетном агентстве Меломан


Добавить в избранное