Жүрейік жүрек ауыртпай (Не делайте друг другу больно)


Қоюшы - режиссер Е.Обаев

Қоюшы - суретші Е.Тұяқов

Композитор - А.Дүйсенов



Әке, бала, келін, немере. Әрқайсысы өзінше бір әлем. Ұрпақ жалғастығы, жарасым, яғни үлкенге құрмет, кішіге ізет, имандылық, қанағат болса, бақ бақыт қонуы тиіс-ақ отбасы еді. Олай болмады...



Спектакль кейіпкерлері - жаны жабырқаған қария, бәрін өзінің шолақ ойымен кесіп-пішіп жүрген бейапар келін, ез ұл, өз үйінен, туған анасынан жылу таппай жүрген бойжеткен. Қария ата-бабадан қалған ескі қонысты сату деген не сұмдық? деп қапаланып жүргенде ұлы мен келіні тағы бір өнер шығарып, қарияны қарттар үйіне жібереді.



Қойылымда жаны жабырқау тек қария ғана емес, телефондағы дауысында бәрі керемет дегісі келгенімен, жүрегінде жатқан батпан мұңы бар Бәйбіше, Қарттар үйі тұрғындары: Сыпайы кемпір, Күлегеш кемпір, Саңырау шал сынды кейіпкерлердің, яғни баланың болашағы деп күн кешкен ата ұрпақтың қолын жылы суға малып отырар шағында мұндай күйге түсуі неліктен? Бала неге қатыгез, Қоғам неге қатыгез? Рухани азғындаудың түп тамыры қайдан?



Мұның бәрі қырғыз драматургы Бексұлтан Жәкиевтің Жүрейік жүрек ауыртпай драмасы бойынша қойылған спектакльде көтерілер көкейкесті мәселелер.



Спектакль идет с синхронным переводом на русский язык



Подробности по тел.: +7 727 378 53 85, +7 727 378 54 16



Купить билеты в билетном агентстве Меломан


Добавить в избранное