Адасқан жұлдыз


Авторы- Нұрғали Ораз

Режиссері- Балтабай Сейітмамытұлы

Қоюшы-суретшісі- Серікқан Омаров

Музыкасын өңдеген- Болатбек Нұрқасымов

Биін қойған- Жанар Мақашева



Адасқан жұлдыз - заманауи пьеса. Шығармадағы ең басты интрига - өмір бойы сахна деп өткен актер, қайыршы рөлін ойнағаннан кейін біржола бетбұрыс жасап, қарапайым халықтың арасына сіңісіп кете барады.



Неге бұлай болды? Неге бұл қоғамда өнер адамы мен зиялы қауым табалдырықта телміріп қалды? Оларға қарағанда көшеде алақан жайған қайыршы әлдеқайда еркін, ешқандай идеология байланбаған, азат жан.



Адамның бақыты-бас бостандығында емес пе? Кейіпкер өнер деген бұғауда өзін-өзі алдағанша, өмірде өз ролімді ойнағаным дұрыс деп шешеді.



Телефон: +7727-271-42-37



Купить билеты в билетном агентстве Меломан


Добавить в избранное